jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "574 қылмыскер табылды": ІІМ басшысы Сәденов Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуалды баяндады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ержан Сәденов
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ержан Сәденов. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ басшысы президентке елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндаған.

    Ержан Сәденовтің айтуынша, 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген.

    Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.

    Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

    Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған.

    Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылған.

    Сонымен қатар министр киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берген.

    Оның мәліметінше, қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы Ержан Сәденовке елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін "Заң мен тәртіп" қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

    "574 қылмыскер табылды": ІІМ басшысы Сәденов Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуалды баяндады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.