jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті XXXIV сессиясына қатысқан Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев күшіне енген жаңа Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам құру басты мақсат ретінде белгіленгенін атап өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    "Жаңа Преамбулада байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихи сабақтастығын сақтау басты қағидат ретінде бекітілген. Билік тармақтарының тепе-теңдігі нығайтылып, басқару жүйесі заман талабына сай жаңғыртылды.

    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бұл – мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға негіз болатын маңызды құжат. Мұның барлығы –Қазақстанды демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға бағытталған жүйелі қадамдар.

    Жаңа Ата Заңымыз күшіне енгеннен кейін Президентіміз 23 тамызда Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұлтымыздың тарихына алтын әріппен жазылатын саяси кезеңде баршаңызды елдік мүдде жолындағы маңызды іске белсенді қатысуға шақырамын", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жиында бірқатар азаматқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Конституцияның күшіне енуіне орай жолдаған Құттықтау хаты және Конституцияның арнайы басылымы табыс етілді.

    Қызылорда облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.