jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мемлекеттік туды қалай және қай жерде пайдалануға болады: үкімет ережеге түзету енгізді

    Мемлекеттік ту
    Мемлекеттік ту. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Үкімет мемлекеттік туды пайдалану ережелеріне түзетулер енгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тиісті қаулы Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланды.

    Құжатқа сәйкес, патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында мемлекеттік туды жеке және заңды тұлғалардың ғимараттарда (тұрғынжайларда және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда (45 градус бұрышпен) және салтанатты іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануына (орнатуына, орналастыруына) болады.

    Көлеміне қарамастан, мемлекеттік ту ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұлттық стандарт талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Туды жеке және заңды тұлғалардың қорлау нысаны ретінде пайдалануына болмайды.

    Сонымен қатар мемлекеттік туды қасақана бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатына сай емес пайдалануға, сондай-ақ оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен маңызын төмендететін өзге де әрекет жасауға жол берілмейді.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын жарнамалық мақсаттарда, сондай-ақ киім-кешек заттары, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше және өзге де жабын ретінде пайдалануға болмайды.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын пайдалануға (орнатуға, орналастыруға) мынадай шарттармен жол беріледі:

    • жеке тұрғын үйлерде үш метрден кем болмайтын биіктікте орналастыру, бұл ретте тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру міндетті емес.
    • ғимараттың сәулеттік немесе техникалық шектеулеріне байланысты жеке және заңды тұлғалардың оны іргелес аумақта орнасқан жеке тұғырға (флагштокқа) орнатуына (орналастыруына) болады;
    • жерге, еденге, су бетіне және өзге де беттерге тиіп тұрмауы керек;
    • тігінен орналастыру, бұл ретте ұлттық ою-өрнек матаның жоғарғы бөлігінде тұруға тиіс;
    • жеке және заңды тұлғалар өткізетін мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шаралар барысында коммерциялық мақсатты көздемеу;
    • зақымдану, тозу, жамау, тесілу, кірлеу, түсінің оңып кетуі, қыртыстану белгілерінің не оның асқақтығы мен символдық мәнін түсіретін өзге де кемшіліктің болмауы;
    • жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары салондарының ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып пайдалану.
    Мемлекеттік туды қалай және қай жерде пайдалануға болады: үкімет ережеге түзету енгізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.