Тоқаев Алатау қаласын дамытуға қатысты жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 8 шілдеде бірнеше заң мен жарлыққа қол қойды. Олардың арасында Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы жарлық та бар, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірнеше заңға қол қойғанын хабарлады.
Олар:
- "Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 1015 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлық;
- "Топырақты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
- "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы".
Аталған заңдар мен жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланбақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2397433-toqaev-birneshe-zharlyqqa-qol-qoidy/