Құрылтайдың бірінші сессиясы қашан өтетіні белгілі болды: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Жарияланған күні:

Президент "Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жарлыққа сәйкес, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астанада өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудың сәтті әрі мінсіз ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижесін жариялады.
Бес пайыздық межеден бес партия өтті:
- "Әділет" – 71,17 пайыз;
- "Ауыл" – 6,26 пайыз;
- Respublica – 5,56 пайыз;
- "Ақ жол" – 5,21 пайыз;
- ЖСДП – 5,11 пайыз дауыс жинады.
Сайлауға қатысқан қалған екі партия жеткілікті дауыс жинай алмады:
- Қазақстан Халық партиясы – 3,11 пайыз;
- "Байтақ" – 1,07 пайыз.
"Бәріне қарсымын" нұсқасына сайлаушылардың 2,51 пайызы дауыс берген.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
