Тоқаев Ерлан Қаринды қабылдады: Қазақстан вице-президентіне қандай міндеттер жүктелді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қаринды қабылдады. Президент оған қызметке кіріскеннен кейін орындалуға тиіс бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстан вице-президенті, ал Олжас Бектеновті премьер-министрі лауазымына тағайындаған болатын. Президент мұндай шешімді не себепті қабылдағанын түсіндірді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2420735-toqaev-erlan-qarindy-qabyldady-qazaqstan-vitse-prezidentine-qandai-mindetter-zhukteldi/
