jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанның жаңа үкіметінің алғашқы отырысы: Бектенов толықтай жауапкершілік алуға шақырды

    Жаңа үкіметтің алғашқы отырысы
    Жаңа үкіметтің алғашқы отырысы. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа министрлер кабинетін алға қойылған міндеттерді орындау үшін толық жауапкершілік алуға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құрылтай сайлауынан кейін жаңартылған құрамда үкіметтің алғашқы отырысы өтті.

    "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" Конституциялық заңға сәйкес үкіметтің жаңа мүшесі – төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ант берді.

    "Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет. "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруға тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек.

    Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері мен министрлерді тағайындау туралы жарлыққа қол қойып, үкіметтің жаңа құрамы толық жасақталған болатын.

    Қазақстанның жаңа үкіметінің алғашқы отырысы: Бектенов толықтай жауапкершілік алуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram