jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болды

    ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров және Гүлнар Тойлыбаева
    ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров және Гүлнар Тойлыбаева. Фото: election.gov.kz

    Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Гүлнар Тойлыбаеваға Құрылтай депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыстады.

    Әбдіров өз сөзінде бұған дейін "Әділет" партиясы Орталық сайлау комиссиясына партияның саяси кеңесі бюросының шешімін жолдағанын, соған сәйкес Құрылтай депутатының бос мандаты партиялық тізімге енгізілген Гүлнар Тойлыбаеваға берілгенін атап өтті.

    "Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады.

    Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді Нұрлан Әбдіров.

    Естеріңізге сала кетейік, "Әділет" партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынған еді. Бұл шешім Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін қабылданды.

    Кейіннен Савельева Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

    Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram