jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    37 қылмыстық іс: Маңғыстаудағы трагедиядан кейін Қорғаныс министрлігінде жүргізілген ауқымды тексерудің алғашқы нәтижелері жарияланды

    Қорғаныс министрлігінің ғимараты
    Қорғаныс министрлігінің ғимараты. Иллюстрациялық фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

    Мемлекет басшысы құрған комиссия Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыған. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу жалғасып жатыр.

    "Комиссия жұмысы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеруге тиісті жағдай жасауға, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтаудың, медициналық көмек көрсетудің сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына баса назар аударылып отыр.

    Анықталған жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді.

    "Тексеру "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде жүргізілуде. Оның мақсаты – Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету және әскери тәртіпті нығайту үшін жүйелі шаралар әзірлеу.

    Комиссияның ұсынымдары Әскери реформа жоспарын іске асыру барысында да пайдаланылып отыр", - делінген хабарламада.

    Комиссия жұмысы биылғы қарашада аяқталады.

    Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құру туралы өкімге қол қойған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram