jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Түркі кеңесінің отырысына неліктен Тоқаев емес, Назарбаев қатысты

    : Facebook

    Саясаттанушы Ислам Кураев Бакуде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VII отырысына еліміздің атынан неліктен президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барғанын түсіндіріп берді. Ол бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: elbasy.kz
    Фото: elbasy.kz: Facebook

    "Түркі кеңесі жөнінде сөз қозғайық", – деп басаталады саясаттанушының жариялаған посты.

    Оның пайымдауынша, бұл ұйым тіл, мәдениет және ортақ тарих мәселелері жөніндегі кеңесші орган болып табылады. Іс жүзінде саяси негізі жоқ, бірақ, Кеңестің күші – оның мемлекет басшылары деңгейінде қызмет етуінде.

    "Негізінде, бұл ұйым болашаққа арналған платформа құрады. Қазіргі таңда Түркі кеңесі мемлекеттерді біріктірумен айналысады. Бұны «Түркі жерлерінің жиналуы» деп атасақ күшті болар еді. Шынында да солай, ұйым соңғы бірнеше жылда алға қарай үлкен қадам жасады.
    Егер назар аударып қарасақ, Эрдоған еуропалық бөлікте, ал Назарбаев азиялық бөлікте белсенді жұмыс жасап жатыр. Қорытынды: Өзбекстан ұйымға кірді, бұл түркілердің күшеюі мен бірігушілік ниетінің процесін көрсетеді", – дейді саясаттанушы.

    Ол сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің отырысына еліміздің атынан неліктен президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барғанын түсіндіріп берді.

    "Түркия президентінің ұсынысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа аталған ұйымның Құрметті төрағасы мәртебесі берілген. Сондықтан да ол Түркі кеңесінің іс-шараларына қатысуы тиіс. Осыған байланысты Кеңес отырысына Тоқаевтың баруына қажеттілік болған жоқ", – деп түйіндеді Ислам Кураев.
    Түркі кеңесінің отырысына неліктен Тоқаев емес, Назарбаев қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.