jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев: Өзбекстан президентімен белсенді жұмыс жүргізуге келістік

    : UGC

    Қазақстан президенті Өзбекстанның Өлий Мәжіліс сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады. Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды деп хабарлайды Ақорда.

    Токаев
    Фото: Ақорда: UGC

    Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваның сапары екі елдің парламентаралық байланыстарын дамытып, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беретінін атап өтті.

    "2018 жылы сауда айналымы 2,5 миллиард долларды құрады. Ал биылғы 9 айдың өзінде өткен жылғы нәтижеден артық жетістікке жетіп отырмыз. Соған сәйкес, жыл соңында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымының көлемі де арта түседі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
    Токаев
    Фото: Ақорда: Facebook

    Президент сәуір айындағы Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде сауда-экономикалық байланыстарды нығайтып, өзара сауда айналымын біртіндеп 5 миллиард долларға дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

    Мемлекет басшысы екі ел арасындағы көлік-транспорт байланыстарының, сондай-ақ, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың даму барысы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

    "Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытып қана қоймай, сонымен қатар, бірқатар мәселелер бойынша бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан біздің өзара ықпалдастығымыз табысты болатыны сөзсіз.
    Оның үстіне, әріптесім, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен екі ел арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамыту үшін белсенді жұмыс жүргізуге келістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.       
    Токаев
    Фото: Ақорда: Facebook

    Танзила Нарбаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жеткізді.

    "Сіздің Қазақстан президенті лауазымына сайлануыңыз – бұған дейінгі абыройлы қызметіңіздің нәтижесі. Сіз тәжірибелі дипломат, ықпалды басшы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және экономикасын дамытуға бағытталған бастамаларын жалғастырып келесіз", – деді өзбек саясаткері.

    Кездесу соңында мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ізгі тілегін жолдады.

    Тоқаев: Өзбекстан президентімен белсенді жұмыс жүргізуге келістік

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.