jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Корея президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне шақырды

    Тоқаев пен Мун Чже Ин1
    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

    Әңігмелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылаған.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мун Чжэ Ин Оңтүстік Корея басшысының 2019 жылы сәуірде елімізге жасаған мемлекеттік сапары аясында бекітілген уағдаластықтардың нәтижесінде қол жеткізілген табысты экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға берген.

    Президент Мун Чжэ Ин Алматы қаласында "Hyundai" жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыттың ашылғанын ерекше атап өткен.

    Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарына қарамастан тауар айналымының жоғары қарқынына көңілі толатынын білдірген.

    Сондай-ақ екі ел президенттері халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Дүниежүзілік сауда ұйымы мен МАГАТЭ аясында екі ел ынтымақтастығының нығая түскенін айтқан. 

    Әңгімелесу барысында коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі табысты ынтымақтастық мәселелері де талқыланған.

    Президент Мун Чжэ Ин Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасына келесі жылы сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

    Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы мен Владимир Путиннің Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумында кездесетінін жазған едік.

    Сонымен қатар бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті. Онда еліміздегі адам саудасы, білім жүйесі және тағы да басқа өзекті тақырыптар талқыланды.

    Корея президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты еліне шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.