jitsu gif
Саясат

    Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асты

    Қазақстан мен Өзбекстан тулары
    Фото: MOD.GOV.KZ

    Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан үкіметінің басшысы Абдулла Ариповпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

    Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты тереңдетудің, оның ішінде өзара сауда көлемін арттырудың, өнеркәсіптік кооперация мен су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

    Әлихан Смайылов осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $1 млрд асқанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27%-ға жоғары екенін атап өтті.

    Сондай-ақ тараптар "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын іске қосу секілді бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.