jitsu gif
Саясат

    "Рухани және тарихи елордамыз": Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беруді ұсынды

    Түркістан
    Түркістан қаласы. Көрнекі фото: turantv.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президент баспасөз қызметінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы Түркістанда қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғалар жерленгенін атап өтті.

    Сондай-ақ президент былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін еске сала кетіп, бұл қаланы еліміздің рухани елорда мәртебесіне лайық екенін айтты.

    "Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы халқымен кездесу барысында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.