jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Саха Республикасының басшысымен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Айсен Николаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Айсен Николаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

    Кездесуде Қазақстанның өңірлері мен Саха Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланған.

    Мемлекет басшысының айтуынша, белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткен.

    Президенттің пікірінше, өңіраралық сауда көлемі айтарлықтай артқан. Қазақстан сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі.

    Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтқан.

    Кездесуде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізген.

    Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті екенін мәлімдеген.

    Тоқаев Саха Республикасының басшысымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.