jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Т.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президенті Ариф Алви мен премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

    Мемлекет басшысы Пешавар қаласындағы мешітте болған лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

    "Мен пәкістандықтармен бірге барлық дінге, адами наным-сенімге қайшы, ақылға сыйымсыз осы жантүршігерлік зорлық-зомбылық әрекетін қатаң айыптаймын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды.

    Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып, көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Осындай қайғылы сәтте біз Пәкістан халқымен біргеміз", – деп жазылған жеделхатта.

    Тоқаев Пәкістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.