jitsu gif
Саясат

    Қазақстанға келетін АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкин әуежайда түскен фотосын жариялады

    Энтони Блинкен. Фото
    Энтони Блинкен. Фото: Фото: Anna Moneymaker/Getty Images

    АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Энтони Блинкен Twitter желісіндегі парақшасында әуежайда түскен фотосын жүктеп, жазба жариялады. Айта кетейік, бұған дейін оның Қазақстанға келетіні жайлы хабарлаған еді.

    "Бүгін мен Қазақстан, Өзбекстан және Үндістанға сапарға аттанамын. Бұл менің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапарым болады және мен Орталық Азиядағы әріптестік қатынастарымыздың одан әрі дамуын асыға күтемін. Сол жерден мен Үндістанға, #G20 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне барамын", – деп жазды Блинкен.

    Еске сала кетсек, бұған дейін 28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайтыны хабарланған еді.

    Қазақстанға келетін АҚШ мемлекеттік хатшысы Блинкин әуежайда түскен фотосын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.