jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді

    Энтони Блинкен
    Энтони Блинкен. Фото: Drew Angerer / Getty Images

    АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы оның жанындағы журналистер желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дипломатиялық тілші Иэн Марлоу өзінің Twitter-дегі парақшасында Энтони Блинкен мінген ұшақ түнде елорда әуежайына қонғанын хабарлады.

    "Біз қазір ғана Астанаға қондық. Қазақстанға мемлекеттік хатшы Блинкеннің Орталық Азияға және Үндістанға сапары аясында келдік (Сыртқы істер министрлерінің G20 кездесуі)", - деп жазды ол.

    Энтони Блинкеннің Астана келгені жайлы АҚШ мемлекеттік департаментінің журналисі Шон Тендон да өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

    "Блинкеннің Орталық Азияға сапары басталды. Оны түнгі 2-де Астанада қарсы алды. Ауа температура -8°C", - деп жазды журналист.

    Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі 2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келетінін хабарлаған еді.

    Кейін Энтони Блинкен әуежайдан сурет жариялап, бұл өзінің Қазақстан мен Өзбекстанға мемлекеттік хатшы ретіндегі алғашқы сапары екенін айтты.

    АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.