jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Израиль президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

    Тоқаев пен Ицхак Герцог телефон арқылы сөйлесті
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцог. Фото: Ақорда

    Израиль тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқын алдағы Наурыз мейрамымен және қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаған.

    Өз кезегінде мемлекет басшысы Израиль президентіне құттықтағаны үшін алғыс айтып, Песах мейрамы қарсаңында Израиль халқына амандық пен бақ-береке тілеген.

    Сонымен қатар президенттер Қазақстан мен Израильдің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын нығайту перспективаларын талқылаған.

    Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымының көлемі арта бастағаны атап өтіліп, екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту маңыздылығы айтылған.

    Израиль президенті Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.