jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев мамыр айының басында қандай іс-шараларға қатысады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президенттің бапсасөз қызметі мамыр айының басында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

    2 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегат, Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Оливье Бештті қабылдайды.

    Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр қараша айында Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

    3 мамырда мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдайды.

    3-4 мамырда Астанаға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мемлекеттік сапармен келеді.

    Екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды.

    5 мамырда президент жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Бүкілармиялық кеңес өтеді.

    Жиын барысында әскери саланы дамытуға және әскер дайындығына, сондай-ақ Қазақстан армиясын технологиялық тұрғыда жаңғыртуға қатысты мәселелер қарастырылады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.