jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

    Сингапурлық әуе компаниясының ұшағы
    Сингапурлық әуе компаниясының ұшағы. Көрнекі сурет: pixabay.com/anncapictures

    Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді ұлғайту шеңберінде Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша келіссөздер басталды, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Telegram-арнасында.

    Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Сингапурдың авиациялық билік органдары онлайн конференция арқылы келіссөздер жүргізген. Қазақстандық делегацияны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат, Сингапур делегациясын – Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хан Кок Хуан басқарды.

    "Келіссөздер барысында Қазақстан тарапы тікелей рейстерге қызығушылық танытып, Сингапурлық әуе компанияларға Қазақстандағы "ашық аспан" режимін, оның ішінде әуе еркіндігінің "бесінші дәрежесі" құқығын пайдалануды ұсынды. Ал Сингапурлық тарап бұл ұсынысты құптап, сингапурлық әуе компаниялармен пысықталатынын хабарлады", - делінген ведомство ақпаратында.

    Тараптар 2023 жылдың шілде айында сингапурлық әуе компаниялар мен "Сингапур-Чанги әуежайының" қатысуымен өтетін кездесу шеңберінде әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылауды жалғастыруға келіскен.

    Бұл ретте Хан Кок Хуан Сингапурдың Азаматтық авиация академиясында оқудан өту мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

    Ал қазақстандық тарап Air Astana әуе компаниясының елдер арасындағы ұшуларды ұйымдастыру туралы жоспары бар екенін мәлімдеген.

    Қазақстан мен Сингапур арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.