jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаевтың бүгінгі жұмыс кестесі жарияланды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін мемлекет басшысы Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.

    Сонымен қатар президент:

    • Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен;
    • Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен;
    • Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен;
    • ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.
    Тоқаевтың бүгінгі жұмыс кестесі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.