jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Президент Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram арнасында хабарлады.

    Пәкістан тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

    Сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскені атап өтілді.

    Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.

    Әңгімелесу соңында премьер-министр Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.

    Президент Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.