jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Түркия президенті Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен  Режеп Тайип Ердоған
    Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Фото: aqorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркия тарапының бастамасы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

    Түркия президенті Абай облысындағы алапат өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас Қазақстан халқына көңіл айтты.

    Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

    Айта кетсек, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Абай облысындағы орман өрті салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан халқы мен мемлекет басшысына көңіл айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.