jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Си Цзиньпинді 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин : t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің 70 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

    Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларын дамытуға және халықаралық аренадағы жоғары беделін ілгерілетуге Си Цзиньпиннің қосқан жеке үлесін жоғары бағалаған.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Қытай халқының игілігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚХР төрағасының бастамалары мен ауқымды реформаларының табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірген.

    Сонымен қатар президент Қазақстанның екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін тағы да растаған.

    "Біздің бірлескен күш-жігеріміз екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы көпжақты серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығаруға толық ықпал ететініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

    Тоқаев Си Цзиньпинді 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.