jitsu gif
Саясат

    Президент Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында жариялады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ең алдымен ДСҰ ережелері мен нормаларын басшылыққа алатынын айтты.

    "Сондай-ақ халықаралық нарықта қабылданған барлық ережені сақтаймыз. Ал екі мақсатта қолданылатын тауарлардың Ресейге экспорты туралы айтар болсақ, бұл мүлдем шындыққа жанаспайды. Өйткені, жаңа ғана айтқанымдай, біз ДСҰ ережесін және Еуропалық Одақ жариялаған барлық санкция талаптарын сақтаймыз.

    Әйтсе де, Ресеймен сауда-саттық жасаймыз. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 28 миллиард долларға жетті. Бұл қолданыстағы халықаралық стандарттарға толық сай келеді", – деді мемлекет басшысы.

    Президент Батыс елдері жариялаған санкциялардың сақталуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.