jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті

    Тоқаев пен Мұхаммед бен Салман Әл Сауд
    Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа ілтипат білдіре отырып, «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысуға шақырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі негізгі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

    Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, энергетика, «жасыл» энергетика, туризм, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

    Өз кезегінде тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд Қазақстан Сауд Арабиясының Орталық Азия аймағындағы маңызды әрі сенімді серіктесі екенін атап өтті.

    Оның айтуынша, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытып, нығайту үшін мол әлеует бар. Сондай-ақ ол екіжақты қатынастарды жаңа деңгейге көтеру үшін күш салуға ниетті екенін жеткізді.

    Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.