jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу жайлы: Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын

    Мемлекет басшысы Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесуде
    Мемлекет басшысы Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесуде. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары барысында елдің премьер-министрі Фам Минь Чиньмен кездесті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Кездесуде мемлекет басшысы бүгін президент Во Ванг Тхыонгпен нәтижелі келіссөз жүргізгенін және оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланғанын атап өткен.

    "Бүгін таңертең президент Во Ван Тхыонгпен өте нәтижелі келіссөз жүргіздім. Біз көптеген саладағы қарым-қатынастарымыз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға ықпал ететін өте маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік.

    Сондай-ақ Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу өткіздім. Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын. Біз елімізде вьетнамдық бизнестің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне шын мәнінде мүдделі болғандықтан көмек көрсетеміз", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сондай-ақ кездесуде мемлекет басшысы бүгін қол қойылған Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі үкіметаралық бірлескен іс-қимылдар жоспары сауда, инвестиция, технология, ауыл шаруашылығы, транзит және туризм сияқты маңызды салалар бойынша екі елдің өзара байланыстарын жандандыруға ықпал ететін негізгі құжат болатынына сенім білдірген.

    Өз кезегінде Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Чинь Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Қазақстан мен Вьетнамның екіжақты ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өткен.

    "Екі тарап қол қойған құжаттар мен келісімдер келешекте ынтымақтастығымызға берік негіз болады. Сізбен Қазақстан мен Вьетнамның саясат, дипломатия, инвестиция және сауда салаларындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытып, тереңдету жолдарын талқылауға мүдделіміз", – дейді Фам Минь Чинь.

    Тоқаев Вьетнам кәсіпкерлерімен кездесу жайлы: Олардың Қазақстан нарығындағы қызметін қолдауға дайынмын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.