jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Рахмон жұмыс сапарымен Тәжікстанға келген Тоқаевты қалай қарсы алды (видео)

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Бүгін, 14 қыркүйек күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, бейсенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты "Кохи Сомон" мемлекеттік резиденциясында қарсы алды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев бүгін, 14 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

    Душанбе халықаралық әуежайында мемлекет басшысын Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

    Рахмон жұмыс сапарымен Тәжікстанға келген Тоқаевты қалай қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.