jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Тарихтағы бірінші саммит": Байден Тоқаев және Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі

    Джо Байден
    Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

    АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азияның 5 елінің басшысымен саммитте кездеседі. Бұл туралы Ақ үйде өткен брифингте хабарланды. Оның стенограмасы ресми сайтта жарияланған.

    АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джейк Салливанның хабарлауынша, Джо Байден Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан елдерінің саммитіне қатысады.

    "Президент (Байден - ред.) Орталық Азия елдерінің бес президентімен кездеседі: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстан. Бұл тарихта С5+1 форматындағы президенттердің бірінші саммиті болмақ. С5+1 қызметін 2015 жылы бастады. Бірнеше жыл ішінде ол нығая түсті. Енді міне алғаш рет оның көшбасшылар деңгейінде қалай өтетінін көреміз", - деді Салливан.

    АҚШ президенті кеңесшісінің сөзінше, мемлекеттер басшылары саммитте бірқатар өзекті мәселені талқылайды.

    "Бұл президенттік саммитте көшбасшылар аймақтық қауіпсіздік, сауда және коммуникациялар, климаттың өзгеруі және басқару мен заң үстемдігін жақсартуға бағытталған реформаларды жалғастырудан бастап бірқатар мәселені талқылайды", - деді Салливан.

    "Тарихтағы бірінші саммит": Байден Тоқаев және Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.