jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақстан – біз үшін мультилатерализмнің тірегі": Тоқаев БҰҰ-ның бас хатшысымен кездесті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

    Кездесуде тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен жан-жақты ынтымақтастығының басым бағыттарын, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін талқылаған.

    БҰҰ бас хатшысы мемлекет басшысына ілтипат білдіре отырып, екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен.

    "Қазақстан мен БҰҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу және адам құқығының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыра береді. Қазақстан – біз үшін мультилатерализмнің тірегі, жаһандық деңгейдегі бейбітшілік қорғаны ретінде басымдыққа ие серіктес ел", - дейді Антониу Гутерриш.

    Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ бас хатшысы ретіндегі қызметіне жоғары баға беріп, оның бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерін одан әрі қолдауға дайын екенін растаған.

    Сонымен қатар президент қазіргі заманның ең өзекті проблемаларын шешуде БҰҰ айрықша рөл атқаратынын және оның ешқандай баламасы жоқ екенін айтқан.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы Антониу Гутерришке ұйым қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі ой-пікірін жеткізген.

    "Қазақстан – біз үшін мультилатерализмнің тірегі": Тоқаев БҰҰ-ның бас хатшысымен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.