jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Португалия президенті Марселу Ребелу де Соузамен келіссөз жүргізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марселу Ребелу де Соуза
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марселу Ребелу де Соуза. Фото: akorda.kz

    Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында Португалия президенті Марселу Ребелу де Соузамен кездесті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлады.

    Мемлекеттер басшылары екі елді достық қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті.

    Тараптар инвестиция, су ресурстарын басқару, туризм және басқа да салалардағы жан-жақты қатынастарды одан әрі арттыру үшін зор әлеует бар екенін айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марселу Ребелу де Соуза
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марселу Ребелу де Соуза. Фото: akorda.kz

    Цифрландыру саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    "Сіздің елдің IT саласындағы тәжірибесі мол. Осы бағыттың болашағы зор екенін ескере отырып, мен Лиссабонға бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін арнайы делегация жіберемін. Қазақстан португалиялық серіктестермен тығыз байланыс орнатуға мүдделі", – деді Тоқаев.

    Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Жаһандық ұйымдар аясында, ең алдымен, БҰҰ шеңберінде өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    Тоқаев Португалия президенті Марселу Ребелу де Соузамен келіссөз жүргізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.