jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

    Тоқаев пен Ердоған
    Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті. Сурет: telegram.org/k/@aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

    Әңгімелесу барысында президенттер өзара сенім мен қолдауға негізделген екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

    Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

    Қазақстан мен Түркия президенттері биыл қараша айында Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммитіне дайындық барысы туралы пікір алмасты.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл жиын түркі елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін маңызды қадам болмақ.

    Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.