jitsu gif
Саясат

    Қазақстан Ресей арқылы тасымалданатын дрондар мен басқа да тауарлардың экспортын шектеді

    Азық-түлік арбасын тасымалдап жатқан дрон
    Дрон. Көрнекі фото: pixabay.com

    Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сенатта Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталуына байланысты Қазақстан Ресей арқылы қандай тауарлардың экспортына шектеу қойылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Негізгі мәселе экспортқа байланысты. Біз барлық тауарды (Ресей аумағы арқылы – ред.) экспорттаймыз. Тек соғысқа байланысты тауарлардың экспорты шектелді. Оның ішінде түрлі өнім бар. Біз олардың экспортын толық шектедік.

    Оның ішінде әскери тауарлар – олар Ресейге жеткізілмейді, яғни соғыста қолданылуы мүмкін тауарлар: дрондар, оларға арналған қосалқы бөлшектер, арнайы электроника, чиптер және осыған ұқсас т.б. тауарлар", – деді Төребаев.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери техниканың Ресейге тасымалдануына қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме бергені туралы жазған едік.

    Қазақстан Ресей арқылы тасымалданатын дрондар мен басқа да тауарлардың экспортын шектеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.