jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қалай жұмыс істейді

    Құжат ұстап тұрған ер адам
    Құжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 10 қарашада күшіне енеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

    "2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында (ҚХР) қол қойылған Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді", - делінген хабарламада.

    Ведомствоның хабарлауынша, осы келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

    Бұл ретте азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңге, ал күнтізбелік 180 күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы қажет.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі болған жағдайда олар тиісті санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеуі қажет.

    Сондай-ақ ведомстводан визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет жасауға құқық бермейтінін атап өтті.

    Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қалай жұмыс істейді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.