jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    9 қарашада Владимир Путин Астанаға келеді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қарашада Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ресми сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорда Telegam-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.

    Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, Владимир Путин соңғы рет Астанаға былтыр қазанда келген болатын.

    Ол кезде Ресей президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне, сонымен қатар, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.