jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэниел Розенблюм
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэниел Розенблюм. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram арнасында.

    Кездесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқан.

    Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты.

    Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

    Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.