jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуы өткізілмек

    ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері
    ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері. Фото: gov.kz

    Қорғаныс министрлігі 2024 жылға жоспарланған әскери жаттығулар туралы түсінік берді. Биыл қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

    Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында ведомство осы жылға жоспарлаған оқу-жаттығуларды жариялады.

    Бұл тұрғыда Түркия Қарулы күштерімен бірлескен "Қабылан жолы-2024" оқу-жаттығуы, сондай-ақ Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қарулы күштері бөлімшелерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" командалық-штабтық іс-шарасы өткізілмек.

    Мұнымен қоса, ведомствоның биылғы жоспарында мына жиындар бар:

    • "Бекет-2024" кешенді жаттығуы;
    • әуедегі шабуылға қарсы қорғаныстың жедел-тактикалық "Ашық аспан-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
    • Каспий маңы мемлекеттерінің (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей) бірлескен жаттығулары;
    • жедел-тактикалық "Айбалта-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
    • "Тосқауыл-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы.

    "Бұл жаттығулардың бұрынғыларынан айырмашылығына тоқталсақ, оқу-жаттығу тұжырымдамасы геосаяси жағдайды, өңірдегі және әлемдегі ахуалды ескере отырып, жыл сайын өзгереді", - делінген министрлік ақпаратында.

    Сонымен қатар 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, екіжақты негізде Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қарулы күштерімен бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастырылмақ.

    Қазақстан аумағында ҰҚШҰ бітімгер күштерімен бірлескен оқу-жаттығуы өткізілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.