jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Сербия президенті Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия президенті
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

    Сербия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

    Тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделі екенін айтты.

    Сонымен қатар екі ел басшылары орнықты дамуды қамтамасыз етуге, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қатысты сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екенін растай отырып, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.

    Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды.

    Сербия президенті Тоқаевты Белградқа сапармен келуге шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.