jitsu gif
Саясат

    "Сұрамаса да жібереміз": Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

    Гуманитарлық көмек
    Көмек жинау сәті. Көрнекі сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін айтты. Бұл туралы "Sputnik Кыргызстан" хабарлады.

    Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қазақстан Республикасының су тасқынынан зардап шеккен аймақтары үшін Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі елде өндірілген өнімдерден гуманитарлық жүк әзірлейтінін айтты.

    "Жылу электр орталығында апат болған кезде біз ештеңе сұраған жоқпыз, бірақ көрші ел Қазақстан бізге гуманитарлық көмек жіберді. Біз де сұрамаса да, көмек жібереміз.

    8 сәуірде Қазақстанның премьер-министрі Бішкекке келеді, тағы қандай көмек қажет екенін талқылаймыз", - деді Жапаров парламент отырысында.

    Айта кетейік, ТЖМ Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы және Қостанай облыстарында су тасқынына байланысты жағдай қиындағанын мәлім етті. Ведомство өкілдері республика бойынша 6 облыста (Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Атырау облыстары) су басу қаупі сақталып отырғанын атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.