jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

    Жолаушы
    Жолаушы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстан азаматтары тағы бір елге – Лаос Халықтық-Демократиялық Республикасына визасыз бара алады. Үкімет Қаулы қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "ҚР үкіметі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы" ҚР үкіметінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі қаулысы қабылданды. Құжат "Әділет" ЖЗШ сайтында жарияланған.

    "Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.

    Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қанат Тұмыш Қобыландыұлына қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін", - делінген құжатта.

    Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Бұған дейін Қазақстан Макао САР-мен визасыз режим туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Макао САР-да визасыз жүруге болатын мерзім 14 күнге дейін созылды.

    Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.