jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған президентін құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Вьетнамның жаңадан сайланған президентін құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламға Вьетнам Социалистік Республикасының президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

    Мемлекет басшысы Вьетнам президентінің алдағы барлық бастамасына табыс, ал достас вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

    "Сіз осы лауазымда қызмет еткен кезеңде ғажап еліңіз одан әрі гүлденіп, үйлесімді және орнықты қоғам құру жолында тұрақты дами беретініне сенімдімін. Қазақстан мен Вьетнамды өзара сенім мен ортақ мүддеге негізделген тығыз қарым-қатынастар байланыстырады. Елдеріміздің мүддесі жолындағы көпқырлы ықпалдастықты өркендету үшін жаңа мүмкіндіктерді Сізбен бірлесіп пайдалануға дайынмын", - деп жазылған жеделхатта.

    Бұған дейін Вьетнамның бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік министрі генерал То Лам елдің жаңа президенті болып сайланғанын жазған едік. Оны Вьетнам Ұлттық ассамблеясының мүшелері сайлаған. Генерал-полковник То Лам 66 жаста, ол өзінің мансабында бүгінге дейін Ішкі істер министрлігі мен Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінде (ҚҚМ) қызмет атқарып келген.

    Тоқаев Вьетнамның жаңадан сайланған президентін құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.