jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Пашинян Таулы Қарабақтағы қақтығыста Әзербайжанға ҰҚШҰ-ның екі елі көмектескенін мәлімдеді

    Никол Пашинян
    Никол Пашинян. Фото: TASS / Getty Images

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян 2020 жылы Әзербайжанмен Таулы Қарабақтағы қақтығысқа Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының екі елі дайындықпен көмектесіп, қатысқанын айтты. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым ақпараты бойынша, Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше екі елді 2020 жылы Ереванға қарсы Қарабақтағы соғысқа дайындалуға көмектесті деп айыптады. Алайда ол нақты қай елдер қақтығысқа қатысқанын мәлімдеген жоқ.

    "Біздің одақтастарымыз 2020 жылғы 44 күндік соғыс дайындығына қатысқан жоқ (Қарабахтағы қақтығыстың шиеленісуі — РИА Новости ескертпесі), мен бізге қарсы соғыс дайындығына қатысқан кем дегенде екі ҰҚШҰ-ға мүше елді білемін", - деді ол Парламенттегі үкімет сағатында айтты.

    Оның айтуынша, бұл екі ел "Арменияға көмек көрсету имитациясын" жасаған.

    Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Армениядан басқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан мүше.

    Пашинян Таулы Қарабақтағы қақтығыста Әзербайжанға ҰҚШҰ-ның екі елі көмектескенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.