jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Сенімді серіктес": Тоқаев Таяу Шығыстағы елдердің біріне жеделхат жолдады

    Екі ел президенттері
    Фото: aq

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

    "Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі. Халықтарымыз арасындағы дәстүрлі достық пен жоғары деңгейдегі мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарымызды дамытуға Сіздің қосып отырған үлесіңіз бен сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Болашақта да қазақ-иордан серіктестігін арттыруда бірлесе күш-жігер жұмылдырып, ықпалдастығымызды жаңа белестерге көтеретінімізге кәміл сенемін", - деп жазылған жеделхатта.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Королінің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас иордан халқына құт-береке тіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.