jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зоран Миланович
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Зоран Миланович. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті және барша хорват халқын Хорватия Республикасының ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

    "Бүгінде Хорватия Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейінің әрқашан үстем болуына тілектеспін.

    Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – деп жазылған жеделхатта.

    Мемлекет басшысы Хорватия президентінің аса жауапты қызметіне толайым табыс, достас хорват халқына құт-береке тіледі.

    Тоқаев Хорватия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.