jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Волондин
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Вячеслав Волондин. Фото: akorda.kz

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады.

    "Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вячеслав Володин сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Еуразиялық интеграцияның келешегі жөнінде пікір алмасты.

    Президент мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту ісінде заң шығару органдары маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтті", - делінген хабарламада.

    Қасым-Жомарт көпжақты ынтымақтастық аясында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға және бауырлас Қазақстан мен Ресей халықтарының мүддесі мен игілігі үшін екіжақты серіктестікті барынша кеңейтуге шақырды.

    Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.