jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Пәкістан премьерімен телефон арқылы сөйлесті

    Пәкістан туы
    Пәкістанның мемлекеттік туы. Көрнекі фото: gettyimages/Muhammad Arif/EyeEm

    Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

    ️Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

    ️Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

    ️Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.