jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесті

    "Ақорда" резиденциясы
    "Ақорда" резиденциясы. Көрнекі фото: t.me/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Кездесу барысында Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті, мемлекеттік және ақпараттық қауіпсіздігі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Академик жақында өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитінде Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайту, бейбітшілікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді. Мұхтар Құл-Мұхаммед әлемдегі түрлі қақтығыстарды реттеу және олардың алдын алудағы орта держава ретінде танылған Қазақстанның рөлі арта түскендігін айтты. Сонымен қатар саммитте қабылданған Астана декларациясы мен жиырмадан астам құжаттың әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор үлес қосатынын жеткізді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев тең құқылы серіктестікке негізделген тиімді аймақтық ықпалдастықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығының маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуда қоғамдық дипломатия ерекше рөл атқара алады.

    Тоқаев қоғам қайраткері, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.