jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілдері Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

    Дмитрий Кулеба
    Дмитрий Кулеба. Фото: Anadolu Agency / Contributor / Getty Images

    Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігі өкілдері хабарлады, деп жазады "РИА Новости"-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба қытайлық әріптесі Ван Имен келіссөздер барысында Ресей Федерациясымен келіссөзді бастауға дайын екенін айтқан. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді.

    "Украина тарабы ресейлік тараппен келіссөздер жүргізуді қалайды әрі оған дайын. Әрине келіссөздер тиімді әрі тәжірбиелік мәні болуы керек және әділ, берік бейбітшікке қол жеткізуге бағытталуы керек", - деді Мао Нин.

    Украина Сыртқы істер министрлігінің басшысы сейсенбіде Қытайға Ван Имен келіссөздер жүргізуге және Ресеймен соғыста "әділ бейбітшілікке" жету жолдарын, сондай-ақ Украина – Қытай қарым-қатынастарын талқылау үшін барды, деп жазады "Голос Америки" басылымы.

    Бұл – 2022 жылғы ақпанда соғыс басталғаннан бері Украинаның жоғары лауазымды шенеунігінің Бейжіңге бірінші сапары.

    Қытай Сыртқы істер министрлігі өкілдері Украина Ресеймен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.