jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді (фото)

    Ильхам Әлиев пен Олжас Бектенов
    Ильхам Әлиев пен Олжас Бектенов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді. Құрметті қонақты әуежайдан премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы арнасында.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысу үшін Астанаға келді.
    • Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 14,3%-ға өсіп, $529,4 млн құрады.
    • Екі ел арасында мұнай-газ, көлік-логистика, цифрлық коммуникация және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.

    Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қатынастар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша дамып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 14,3%-ға артып, 529,4 млн долларды құрады, биылғы қаңтар-маусым айларында 280,6 млн долларға жетті.

    Үкіметтер мұнай-газ, көлік-логистика, цифрлық коммуникация және ғарыш өнеркәсібі салаларында бірлескен жобаларды іске асырып келеді. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты шеңберінде Каспий теңізінің түбімен оптикалық-талшықты байланыс желісін және терең су электр кабелін тарту жобалары бар. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық әлеуетін ашу мақсатында бірлескен тікелей инвестиция қоры құрылды.

    Айта кетсек, аймақтық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге бағытталған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Кейінгі бес жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда көлемі 5,7 млрд доллардан 11 млрд долларға дейін өсті. Қазақстанның ОА елдерімен сауда-саттық көлемі өткен жылы 26,8%-ға өсіп, 8 млрд долларға жетті.

    Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.